БМВ қызылға өтіп кеткен: Алматыда ірі жол апаты орын алды

07.10.2019 17:24

Салдарынан бір адам қаза тауып, 8 жолаушы зардап шеккен

фото из открытых источников

Оқыс оқиғадан бір адам жан тәсілім еткен. БМВ маркалі автокөлік жылдамдықты асыра айдап, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Сөйтіп, екі машинаны қағыпты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Салдарынан бір адам қаза тауып, 8 жолаушы зардап шеккен. Алматы қаласы полиция департаменті таратқан мәлімет бойынша, неміс көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіп жатыр.