Алматыда сайлау учаскелерінде жастар белсенді дауыс беруде

Алматыда сайлау учаскелерінде жастар белсенді дауыс беруде
378-ші сайлау учаскесінде алғашқы сағаттарда 200-ден астам адам өз таңдауын жасап үлгеріпті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

378-ші сайлау учаскесінде алғашқы сағаттарда 200-ден астам адам өз таңдауын жасап үлгеріпті. Әсіресе жастардың белсенділігі жоғары дейді сайлау комиссиясының өкілдері, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Олар, бірінші болып дауыс беріп, азаматтық белсенділігін осылай білдіріп жатыр. Бұл сайлау учаскесінде де сайлаушылар кедергісіз таңдауыларын жасауға барлық мүмкіндік қарастырылған.

«Сайлау учаскесінде сайлау процесі уақытылы басталды. Біздің қуанышымызға қарай деп айтуға болады. Біздің ТМД-дан, Ресейден, Қырғызстаннан байқаушылар және түрлі қоғамдық қозғалыстардың өкілдері келіп отыр», - деді Алматы қаласы № 378 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Серік БЕКБОСЫНОВ.

«Мүмкіндігі шектелген азаматтарға жағдай әбден жасалған екен. Көзі нашар көретіндер мен құлағы естімейтіндер кедергісіз дауыстарын жасай алады. Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері де осында отыр. Тұрғындар сайлауға өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алса болады», - дейді хабарлайды Қырғызстаннан келген бақылаушы Чынар АЛЫБАЕВА.

Новости партнеров