|
09.06.2019 | 10:27
8608

Алматылықтар бүгін қоғамдық көлікте тегін жүреді

Тасымалдаушылар бүгін 700 мыңнан астам жолаушы болады деп болжауда

Алматылықтар бүгін қоғамдық көлікте тегін жүреді

Алматылықтар өз сайлау учаскелеріне қоғамдық көлікпен тегін бара алады. Автобус, троллейбус, тіпті метроға дейін ешкімнен ақы сұрамайды. Бағыттардың қозғалысы жексенбілік кесте бойынша жұмыс істеуде. Тасымалдаушылар бүгін 700 мыңнан астам жолаушы болады деп болжап отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. Компаниялардың басшылары елімізде өтіп жатқан кезектен тыс Президент сайлауын осылайша қолдамақ.

«Қоғамдық көліктер таңғы сағат 6.00-ден түнгі сағат 11.00-ге дейін тегін қатынайды. Алматы қаласындағы 14 тасымалдаушы компанияның барлығы да бүгін ел игіліне ақысыз қызмет етеді. Әр бағыттың қатынау қашықтығы әр түрлі, бірақ енді осы 9 маусым күні ол жексенбі күнгі кестеге сәйкес жүреді», - дейді Алматы қаласы Жолаушылар тасымалы мекемелері қауымдастығының төрайымы Дана Ахатова.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Павлодар, Қызылорда мен Шымкент қалалары аталған акцияны қолдайтындарын жеткізген еді. Бұл қалаларда да сайлаушылар өз учаскелеріне тегін жете алады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир