Елордада алаяқ есептегі көліктерді жалға алып, сатып жіберген
inform.kz
Ер адам осындай жолмен 7 адамды алдап, 12 млн астам теңгені иемденіп алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елорданың криминалдық полиция қызметкерлері жедел-алдын алу шаралары барысында 22 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алаяқ «OLX» жарнама сайты арқылы ресейлік есептегі көліктерді бір тәулікке жалға алып, оларды басқа азаматтарға сатқаны анықталды.
Ер адам осындай жолмен 7 адамды алдап, 12 млн астам теңгені иемденіп алған. Қазіргі кезде ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, ұсталған азаматтың осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы анықталу үстінде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болып, бейтаныс адамдарға сенбеу керек екенін ескертеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
05.11.2026 08:43
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
05.11.2026 11:15