#Abai175: Дәурен Абаев Абай өлеңін жатқа оқыды

#Abai175: Дәурен Абаев Абай өлеңін жатқа оқыды
Министр 9 жастағы Ләйлім Ерланқызы жолдаған эстафетаны қуана қабылдағанын айтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Абайдың «Жігіттер ойын арзан, күлік қымбат» атты өлеңін оқыды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Өзінің Facebook парақшасында жариялаған видеода министр тоғыз жастағы Ләйлім Ерланқызы жолдаған эстафетаны қуана қабылдағанын айтады.

«Ләйлім есімді кішкентай қызымыз Абайдың мерейтойына орай ақын өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын маған  да жолдаған екен. Абай шығармалары әлі күнге өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Сол себепті ұлы ойшылымызды әлем мойындайды. Сондықтан, бұл бастаманы мен де үлкен қуаншыпен қабыл алдым»,  деген Дәурен Абаев ақынның «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінен екі шумақ үзінді оқыған.

«Абай өлеңдерін оқу эстафетасын ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин мырзаға және айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ханымға жолдаймын», 

– деді министр виедоның соңында.


Новости партнеров