МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар жоқ
Алматы облысында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісімен 18 маусым күні 02 сағат 34 мин 35 секундта жер сілкінісін тіркелді. Зілзаланың ошағы Алматының оңтүстік-батысынан 77 км қашықтықта орналасқан Алматы облысы аумағында болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 8.9. MPV магнитудасы - 4.1. Тереңдігі - 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар жоқ.