|
20.01.2022 | 10:29
575

Б. Сағынтаев: Алматылықтар содырларға қарсы тұрып, табандылықтың үлгісін көрсете білді

Оның айтуынша, қазір үмітсіздікке беріліп, қамығып отыратын уақыт емес

Б. Сағынтаев: Алматылықтар содырларға қарсы тұрып, табандылықтың үлгісін көрсете білді Almaty.tv

Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша зардап шеккен бизнесті қалыпқа келтіру және қаланың одан әрі дамуы жөніндегі Алматы қалалық актив отырысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қасіретті қаңтар» күндері қаламызға содырлар мен лаңкестер бұрын-соңды болмаған ауыр соққы жасады. Салдарынан адам өліміне алып келген қайғылы жағдайлар орын алды. Бұл – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық тарихындағы ең қиын да ауыр кезең болғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Осындай жауапты сәтте алматылықтар содырларға қарсы тұрып, табандылықтың үлгісін көрсете білді! Мұндай сұмдық оқиғалар әрбір қазақстандыққа әсер етпей қоймады. Бүкіл еліміз бізбен бірге болып, бірге қайғырды», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Бақытжан Сағынтаев тәртіпсіздіктің неден болғанын, «Алматы қасіретінің» орын алуына не әсер еткенін айқындап, себебін анықтауымыз қажет екенін айтты.

«Бұл бағытта жұмыстар басталды және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілуде. Тұрғындарға, бейбіт отбасыларға, бизнеске үлкен залал келтірілді. Олар бізден, тап осы жерде және дәл бүгін көкейлеріндегі сауалдарға жауап күтіп отыр», – деді ол.

Оның айтуынша, қазір үмітсіздікке беріліп, қамығып отыратын уақыт емес. Біз бірлесіп алға жылжуымыз керек. Әрбір күн және әрбір сағат біздер үшін маңызды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Автор

автор Назым Қыдырбайқызы
Назым Қыдырбайқызы
редактор
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир