Қазақстанда шайдың бағасы қымбаттады

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Былтырғы қазан айына қарағанда қарай шайдың бағасы 18,3%-ға өскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда қазан айында қара шайдың бір келісі орта есеппен 4 434 теңгеден сатылды, былтырғы қазан айына қарағанда қарай шай 18,3% қымбаттаған, деп хабарлайды  Almaty.tv.

«Ең қымбат шай Астананың бөлшек сауда орындарында саудаланды – 4725 тг/кг. Сондай-ақ қымбат баға Қызылорда (4 638 тг/ кг), Шымкент (4 626 тг/кг), Алматы (4 597 тг/кг) және Ақтау (4 466 тг/кг) қалаларында байқалды», - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Шайдың ең арзан бағасы Жезқазғанда – 3 943 тг/кг. Қалған аймақтарда орташа баға 4 000-4 500 теңге аралығында.

Осылайша, қазақстандықтар шайдың бір қорабын (250 гр) үшін орта есеппен 1 108 теңгеден алады. Жалпы, қазақстандықтар айына орта есеппен 127 гр шай тұтынады.

Айта кетейік, Қазақстан қара шайды негізінен Қытай, Үндістан, Иран, Шри-Ланка, Пәкістан, Түркия, Вьетнам, Кения және Угандадан импорттайды.

Новости партнеров