Қу кәсіпкер гуманитарлық көмекті өз пайдасына жаратқан

ҚР СІМ баспасөз қызметі
ҚР СІМ баспасөз қызметі
Бұл туралы бас көлік прокуратурасы мәлім етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордада кәсіпкерлер гуманитарлық көмек ретінде келген медициналық тауарларды өз пайдасына жаратқан. Бұл туралы бас көлік прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік прокуратурасы гуманитарлық тауарларға салықтар мен кедендік төлемдер салынбайтынын еске салды. Кейбір қу кәсіпкер бұл ережені пайдаланған. 2020 жылдың қарашасында Қызылорда көлік прокуратурасы жеке компанияның салық төлеуден және кедендік төлемдерден жалтару дерегін анықтады.

«Компания гуманитарлық көмек деп Қазақстанға медициналық мақсаттағы тауарларды: бір реттік және көп рет қолданылатын қорғаныс киімдері, көзілдіріктер, бас киімдер, медициналық маскалар, резеңке қолғаптар, бахила алып келген. Жалпы салмағы 123 келі болатын бұл тауарлардың бағасы 3 400 000 теңгеден асады. Кейін компания бұл тауарларды өз мақсаттарына пайдаланды, мұқтаж ұйымдарға гуманитарлық көмек көрсетпеді», – деді прокуратура қызметкерлері.

Мұндай жағдайда кәсіпкер тауар әкелу кезінде мемлекет қазынасына міндетті төлемдер жасауы керек болғаны айтылды. Салдарынан, прокуратураның ұсынысы бойынша компания кедендік тексерістен өтіп, тиісті төлемдерді толығымен өтеген.

Новости партнеров