Шығыс Қазақстанда үш мектепте карантин жарияланды

28.01.2020 15:29

Алтайда жалпы алғанда сегіз мектеп бар

mordovmedia.ru

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында 582 оқушы жедел респираторлық-вирустық инфекцияларын (ЖРВИ) жұқтырған, - деп хабарлайды tengrinews.kz YK-news.kz-сілтеме жасап.

28 қаңтар мен 3 ақпан арасында №1 бастауыш мектебі мен №9, №11 мектептерде карантин жарияланды. Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметі бойынша, оқу орнында балалардың 30 пайызы сырқаттанса, карантин жарияланады. Алтайда жалпы алғанда сегіз мектеп бар.  Еске салайық, 25-31 қаңтар арасында №6 және №8 мектептерде карантин жарияланған болатын.