Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты
2020 жылдың күзіне дейін ұлттық төлем жүйесінің бағдарламасы пайда болады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Көлеңкелі экономикамен күрес және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесін көбейту - Ұлттық банктің негізгі міндеттерінің бірі. Бұл тапсырмаларды орындау үшін Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен біріге отырып 2020 жылдың 1 қазанына дейін ұлттық төлем жүйесінің бағдарламасын әзірлейді. Ол төлем жүйесі барлық мүдделі тарап үшін тиімді болады», - деді Досаев Үкімет отырысында.