Елімізде жалға берілетін үйлер арзандады

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Сарапшылардың сөзінше, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жалға алу бағасы қыркүйектің басындағы деңгейге жеткен жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу бағасы біртіндеп түсіп келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Krisha.kz басылымының жазуынша, мониторинг жүргізілген 11 қалада 24 қараша мен 1 желтоқсан аралығындағы бір аптада тарифтер төмендеген.

Соның ішінде: Оралда – 6,2 пайыз, 1 шаршы метрі 2 708 теңгеге дейін; Қостанайда – 4,7 пайыз, 3174 теңгеге дейін; Петропавлда – 4,7 пайыз, 2600 теңгеге дейін; Алматыда – 3,1 пайыз, 6250 теңгеге дейін; Астанада – 2,5 пайыз, 4062 теңгеге дейін.

Сарапшылардың сөзінше, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жалға алу бағасы қыркүйектің басындағы деңгейге жеткен жоқ.

Ең үлкен алшақтық Қостанай (+24,6 пайыз), Павлодар (+16,9 пайыз), Алматы (+16,1 пайыз), Астана (+11,7 пайыз) қалаларында байқалды.

Қарағандыда, Ақтөбеде, Ақтауда, Атырауда дерлік қалыпқа келді деуге болады, қыркүйекпен салыстырғанда айырмашылық 5 пайыздан аспайды.

Новости партнеров