Бүгін қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесіп жатыр. Ерболат Досаев кездесу барысында аудан қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қала бойынша адам көп жиналатын жерлерге бейнекамера орнатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы шеңберінде жаңа мекенжайлар тізбесі жасалды, қала бойынша адамдар көп жиналатын жерде қосымша – 6000 камера, оның ішінде Бостандық ауданы бойынша 750 камера орнату жоспарланып отыр», – деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар, көлік құралдарын жүргізу тәртібін арттыру үшін қазіргі таңда ауданда 102 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені (784 бейнекамера) жұмыс істейді. Биыл I тоқсанда 96 «Сергек» (541 камера) орнатылды. Осылайша, ауданда «Сергек» кешендерінің саны 198-ге (1325 бейнекамера) жетті деді.