Қытайда Димаш орындаған саундтрек хит-парадтарда бірінші орынға шықты

11.03.2020 в 15:32

Жақында жаңа жобалар дүниеге келеді, күтіңіздер - Димаш

Димаштың Қытай серияларына арналған саундтрегі QQ MUSIC платформасында топ жарып, І-орынға шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында жазды.

 «Менің жаңа қытай сериалына арнап орындаған саундтрегім Қытайдағы QQ MUSIC платформасында бірінші орынға шықты. Ал мынау, I am singer жобасынан бері үш жыл бойына бірге жұмыс істеген қытайлық командаммен (Black Golden company қарасты агенттер, продюсерлер, менеджерлер) сурет). Жақында жаңа жобалар дүниеге келеді, күтіңіздер», делінген жазбада.


Теги: Қытай