Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ
Өскемен қаласында жүріп келе жатқан көліктен өрт шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін сағат 07.00 шамасында болған.
Жібек жолы көшесі мен Сәтпаев даңғылының қиылысында келе жатқан 1997 жылғы «Subaru Legacy» маркалы автокөлік отқа оранды.
«Өрт көліктің қозғалтқыш бөлігінен шыққан. Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.