Қазақстандық танымал спортшы Ольга Рыпакова Қытайда өтіп жатқан жарыста 14,19 метрге секіріп, алтын алды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ольга Рыпакованы Қытайда өтіп жатқан Дүниежүзілік әскери ойындардағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
"Қытайда өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда танымал жеңіл атлетшіміз Ольга Рыпакова тамаша көрсеткішпен алтын медальге ие болды. Ольганың спорт әлеміндегі теңдессіз тәжірибесі, биік белестері көпке рух береді әрі шабыттандырады. Жарайсың, тек алға!", - деп жазды Президент twitter парақшасында.
Қытайда өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда танымал жеңіл атлетшіміз Ольга Рыпакова тамаша көрсеткішпен алтын медальге ие болды. Ольганың спорт әлеміндегі теңдессіз тәжірибесі,биік белестері көпке рух береді әрі шабыттандырады. Жарайсың,тек алға! https://t.co/8DMuanXe8O
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) October 26, 2019