Алматыдағы Жетісу ауданында ыстық су болмайды

08.05.2023 15:34

Аймақта уақытша құбыр қосу жұмысы жүргізіледі

elements.envato.com

Алматы қаласының Жетісу ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі бір күнге ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

2023 жылғы 10 мамырда сағат 9:00-21:00-ге дейін Жетісу ауданының аумағында Айнабұлақ-1, Айнабұлақ-2, Айнабұлақ-3, Айнабұлақ-4, Көкмайса және Құлагер ықшамауданында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды.

Шектеулер жылу желілерін қайта құрылымдау кезеңінде аталған тұрғын үйлерді ыстық сумен жабдықталуын сақтауға мүмкіндік беретін уақытша құбырды қосу үшін енгізіледі.

 «Алматы жылу жүйесі» ЖШС уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.