Павлодарда қызы туған анасын соққыға жықты

15.08.2019 15:34

Полиция қызды 10 тәулікке қамады

фото из открытых источников

Павлодар қаласының тұрғыны өз анасын соққыға жыққан. Полиция оны 10 тәулікке қамады, деп хабарлайды Stan.kz Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық полиция қызметкерлері отбасылық жанжал шығарған  36 жастағы әйелді тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру кезінде оның өз анасын соққыға жыққанын анықтаған. Полицияның мәліметінше, жанжал шығарушы әйел бұған дейін қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен.

Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК 73-бабы 2-бөліміне (Ұрып-соғу) сәйкес хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

«Анасын соққыға жыққан қызына қатысты учаскелік полиция инспекторының қолдау хатымен, Павлодар қаласының мамандандырылған сотының шешімімен жүріс-тұрысына қатаң талап қойылды және 10 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды», - делінген хабарламада.