БЖЗҚ салымшыларынан 721,7 миллиард теңгені алуға 138,9 мың өтінім түскен

5region.kz
5region.kz
2021 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық табыс мөлшері 222,9 миллиард теңге болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев 9 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларынан 721,7 миллиард теңгені алуға 138,9 мың өтінім түскенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Азаматтар алынған жинақтың 99,7 пайызын тұрғын үй мәселесін шешуге бағыттаған. Сенімгерлік басқару бойынша төрт басқарушы компанияға 936,3 миллион теңге 402 адамның зейнетақы жинақтары берілді. Өңірлер бойынша Маңғыстау облысы, Алматы мен Нұр-Сұлтан үлесіне барлық өтінімнің 62,5 пайызы тиесілі», – деп түсіндірді Досаев.

Ол БЖЗҚ зейнетақы активтері жыл басынан бері халықтың қаражатты мерзімінен бұрын алуына байланысты 0,3 триллион теңгеге немесе 2 пайызға, 12,6 триллион теңгеге дейін төмендегенін айтты. Салымшылар енгізген зейнетақы жарнасының көлемі 191,7 миллиард теңге, зейнетақы төлемінің көлемі 60,1 миллиард теңге.

«2021 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық табыс мөлшері 222,9 миллиард теңге болды. Алғашқы екі ай қорытындысы бойынша инфляция 1,3 пайыз болған кезде 1,7 пайыз мөлшерінде кіріс келді. Нақты кіріс инвестициялық қызмет, сондай-ақ зейнетақы активтерін нарық және бағам қайта бағалау нәтижесінде қамтамасыз етілді», – деп толықтырды Ұлттық банк басшысы.


Новости партнеров