|
18.11.2019 | 10:35
951

Елордада жолақысы 45 теңге болды

Акция 18 қарашадан 18 желтоқсанға дейін жалғасады

Елордада жолақысы 45 теңге болды

Елордалықтар мен қала қонақтары қоғамдық көлік қызметі үшін бір ай 45 теңгеден төлей алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Жолақыны 50% жеңілдікпен SMS және QR-код арқылы төлей аласыз. Акция 18 қарашадан басталып, 18 желтоқсанға дейін жалғасады», - деп мәлім етті «Astana LRT» компаниясы. 

Мұндай акцияны ұялы байланыс операторларының бірі ұсынып отыр. Төлемді SMS немесе QR-код арқылы жасаған кезде телефон нөмірінен жол жүру билетінің толық сомасы – 90 теңге шегеріледі. Кейін балансқа 45 теңге қайтарылады. Жолақыны төлеу үшін шотта кем дегенде 91 теңге болуы тиіс.

«45 теңгемен автобуста күніне екі рет жүре аласыз. Ал үшінші және одан арғы сапарларыңыз үшін стандартты – 90 теңге төлейсіз. Акция тек қалалық бағыттарда жүреді. Бағасы 180 теңге болатын экспресс-маршруттарда, сондай-ақ, ақысы 90, 200, 300 және 400 теңгелік қаламаңы маршруттарында жеңілдік қарастырылмаған», - деп нақтылады «Astana LRT»-дан.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир