ШҚО-ның бірнеше ауданы мен қалаларында білім беру процесі тоқтатылды
Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының мектептерінде аязға байланысты сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«21 қараша ауа райының колайсыздығына байланысты (қатты аяз) қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - делінген елордалық Білім басқармасының хабарламасында.
Сондай-ақ ШҚО-ның бірнеше ауданы мен қалаларында білім беру процесі тоқтатылды. Атап айтқанда, -28-34 аязға байланысты Өскемен қаласында, Алтай, Глубокое, Бесқарағай, Көкпекті, Абай, Ұлан, Тарбағатай, Аягөз және Жарма аудандарында бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптарға, сонымен қатар Семей мен Риддер қалаларында бірінші ауысымдағы 1-9 сыныптарға, Бородулиха, Катонқарағай аудандары мен Курчатов қаласында 1-4 сынып оқушыларына сабақтар тоқтатылды.
Ал Қарағанды облысында Бұқар жырау және Осакаров аудандарында, Теміртау қаласында бірінші ауысымдағы 0-9 сыныптар, Абай, Ақтоғай, Нұра, Жаңаарқа аудандарында және Қарағанды, Саран, Шахтинск, Қаражал қалаларында 0-4 сыныптар оқымайды.