Қазақстандықтар 2023 жылы қалай демалады

27.12.2022 15:36

2023 жылы ең көп демалатын ай қаңтар мен наурызда

baq.kz

Алдағы жылы бес күндік жұмыс аптасымен санағанда қазақстандықтарды 245 жұмыс және 120 демалыс күндері күтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

2023 жылы ең көп демалатын ай қаңтар мен наурызда – 12 күн. Ал, ақпан мен қарашада 8 күн демаламыз.

2023 жылы мереке күндерінің көп бөлігі аптаның ортасына түсетіндіктен, демалыс күндері өте аз.

Ең ұзақ демалыс күндері:

Қаңтарда жаңа жылға 3 күн – 1, 2 және 3 қаңтар;

наурызда 3 күн – 21, 22 және 23 наурыз;

сәуір мен мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн – 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне 4 күн – 6, 7, 8 және 9 мамыр;

шілдеде жұмыс күні сенбіге ауыстырылатындықтан 4 күн демалыс болады – 6, 7, 8 және 9 шілде;

желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн – 16, 17 және 18 желтоқсан, өйткені 16 сенбіге сәйкес келеді.

2023 жылы Рождество мерекесіне қосымша демалыс берілмейді, өйткені ол сенбі – 7 қаңтарға сәйкес келеді. Егер діни мереке сенбіге немесе жексенбіге сәйкес келсе, демалыс берілмейді.

Құрбан айт 2023 жылы 28 маусым, сәрсенбіге келеді.