Қарағанды облысындағы Алматы-Екатеринбург тасжолында үш көлік соқтығысып, адамдар мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Қарағанды мен Балқаш арасында болып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 10 адам түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жатқызылды.
Әлеуметтік желіде жантүршігерлік оқиға орнынан түсірілген видео тарады.
"Жол апаты сағат 15:00-де 928-шақырымда Шопа елдімекенінің маңында болды. Toyota Prado, Hyundai Sonata және Toyota Avensis көліктері соқтығысты", - деп хабарлады Қарағанды облысының жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында полицей адамдарды көлікпен қағып кетті