Ақтөбе облысында полицей адамдарды көлікпен қағып кетті

elements.envato.com
elements.envato.com
Жүргізуші қамауға алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында полицей екі адамды көлікпен қағып өлтірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысында полиция қызметкері үйлену тойынан кейін мас күйінде көлік тізгініне отырып, рульге ие бола алмай, жас жұбайларды қағып кеткені туралы ақпарат пайда болды. Екі адам да қаза болған.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаға полиция қызметкерінің қатысы барын растады.

"ЖКО дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп, жүргізуші қамауға алынды. Қызметтік тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша жеті жауапты қызметкер, оның ішінде тікелей басшылар атқаратын лауазымдарынан босатылды", - деп хабарлады полиция.

Оқи отырыңыз: Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Новости партнеров