|
13.11.2019 | 13:43
41857

«Тоңазытқышқа 2-3-і шығып алды»: үйін жылан жайлаған келіншек көшіп кетті

Күйеуінен жесір қалғаны аздай, келіншектің өзі мен баласы да көлік апатына түсіп мүгедек болып қалған

«Тоңазытқышқа 2-3-і шығып алды»: үйін жылан жайлаған келіншек көшіп кетті

"Үйімді жылан жайлап алды". Осылай дабыл қаққан Алматы облысының тұрғыны Гүлмира Үмбеталиева түнде ұйықтау мүмкін емес дейді. Жалғызбасты ана ҚазЦИК ауылының әкімдігіне де бірнеше рет барғанымен ештене өнбепті. Ал, қазіргі тұрып жатқан үйін ауыл депутаты уақытша тұруға берген. Мына видеода көріп тұрғандарыңыздай жылан ас үй жиһазының ішінде жатыр. «Алматы» арнасының түсірілім тобы жағдайдың мән-жайын білу үшін жыланмен бірге тұрып жатқан Гүлмираның үйіне барғанымен, үй иесін таба алмады. Есікте қара құлып қарсы алды, олар көшіп кетіпті.

«Түнгі 2-де екі-үш жылан тоңазытқыштың үстіне шығып алды. Қала берді, егеуқұйрық қосылды оған. Содан балам шошып, «жата алмаймыз болды, мама» деді. Солайша, керек затымызды жинадық та, көшіп  кеттік», – деді Гүлмира ҮМБЕТАЛИЕВА.

Бұл оқиғадан бүкіл ауыл тұрғындарымен қатар, әкімдік те хабардар болып шықты. Десе де, атқамінерлер соңғы рет жаз айында барып, залаласыздандыру жұмыстарын жүргізген. Айтуларынша, сол уақытта ешқандай жылан да, егеуқұйрық та көздеріне көрінбеген. Басқа үй беру мәселесі әкімдіктің жоспарында жоқ дейді, ауыл әкімі    

«Ол кісіге басқа үй тауып беретәндей, қазіргі таңда біздің әкімшілікте немесе мемлекет тарапынан үй бөлініп беріліп жатқан жоқ. Сол себепті біз демеушілерге жүгініп жатырмыз, хабарын айтамыз», - деді Алматы облысы Іле ауданы Казцик ауылдық округінің әкімі Жасұлан ОҢАЛБАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир