Қызыл кітапқа енген аю су ішіп жатқанда фототұзаққа түсіп қалған

стоп кадр
стоп кадр
Аюдың видеосын ұлттық парк Instagram-дағы ресми парақшасында жариялаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алтын-Емел ұлттық табиғи саябағында Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аюдың видеосын ұлттық парк Instagram-дағы ресми парақшасында жариялаған.

"2023 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Зоология институтының зоолог мамандарының көмегімен, WWF (Дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры) қаражаты есебінен "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Дегерес тауында суды үнемдеу және жабайы аң-құстарды сумен қамтамасыз ету мақсатында автоматты түрде науаға су құйылып тұратын көлемі 3,0 тонналық ыдыс орнатылған болатын. Осы суатқа МҰТП-ң ғылыми, ақпараттық және мониторинг бөлімінің қызметкерлерінің зерттеу жұмыстарының барысында орнатылған фототұзаққа Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы келіп су ішкені туралы бейне жазбалары түсірілген", - делінген жазбада.

Оқи отырыңыз: Астана тұрғыны қоғамдық көлік жүргізушісіне газ шашты

Новости партнеров