ALMATY CIRCUS FESTIVAL: елімізде цирк виртуоздарының жұлдызды шеруі өтеді

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Халықаралық цирк фестивалі алғаш рет былтыр өткен еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 24-28 шілде аралығында ALMATY Circus FESTIVAL II Халықаралық цирк өнері фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған Қазақстан, Қытай, Жапония, Португалия, Аргентина, Бразилия, Испания, Италия, Ресей, Вьетнам, Беларусь, Өзбекстан, Украина, Армения, Тәжікстан, Якутия, Қырғызстан және Эфиопиядан үздік өнерпаздар қатысады.

Халықаралық цирк фестивалі аясында алматылықтар мен қала қонақтары эквилибристердің, акробаттардың, әуе гимнасттарының, арқанмен жүрушілердің және жонглерлердің үздік қойылымдарын тамашалай алады. Армения мен Италиядан келген әлемге әйгілі сайқымазақтар да көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлайтын болады. 

Фестиваль жеңімпаздары мен финалистері Алматыда тағы бір ай қалып, әр демалыс күндері аты аңызға айналған Қазақ мемлекеттік циркінің манежінде сағат 16:00-де өнер көрсетеді. Сиқыр мен талант әлеміне ену мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

Алматыда Халықаралық цирк фестивалі алғаш рет былтыр өткен еді. Артистеріміз жарыста отандық цирк өнерінің үздік жетістіктерін әлемге танытып, биіктерден көрінді. Осындай халықаралық іс-шаралар елімізде мәдени туризмнің белсенді дамуына оң әсерін тигізуде.

Оқи отырыңыз: Қызыл кітапқа енген аю су ішіп жатқанда фототұзаққа түсіп қалған

Новости партнеров