Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтер күнімен құттықтады

 ortcom.kz
ortcom.kz
Бұл туралы Президент Х желісіндегі парақшасында жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Президент Х желісіндегі парақшасында жазды.

«Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар. Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді», – деп жазды Президент.

Айта кетейік, 5 желтоқсанда әлемде дәстүрлі түрде Халықаралық еріктілер күнін аталып өтеді. Бұл күн БҰҰ Бас Ассамблеясының 1985 жылы 40-шы сессиясында мақұлданған және волонтерлердің қоғамдағы маңызды рөлін, мұқтаж жандарға көмектесудегі жанқиярлық үлесін және түрлі қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларын мойындауға және қолдауға арналған.



Новости партнеров