Қызылорда облысының тұрғыны бөтелкеден үй салып алды

Қызылорда облысының тұрғыны бөтелкеден үй салып алды
Төрт бөлмелі үйге 40 мың бөтелке кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысы, Тұрмағамбет ауылының тумасы бөтелкеден төрт бөлмелі үй тұрғызып алды. Алпыс екі жастағы зейнеткер аса көп шығынданбаған, үйді кәдімгі шөлмек, цемент пен құмнан тұрғызған, деп хабарлайды astanatv.kz.

Алпыс екі жастағы Зәріп Мысабековтің бұл  қырық жылғы арманы болса керек. Шебердің айтуынша, бұл баспананың беріктігі сонша ұзақ жылдар міз бақпайтынға ұқсайды.

Төрт бөлмелі мына үйді тұрғызуға Зәріп шеберге жарты жылдай уақыт пен 40 мың дана бөтелке қажет болған.

Қазір зейнеткер ыждаһаттылық пен дәлдікті қажет ететін бейнеті зая кетпегеніне қуанады. Үйі сырт көзге осал көрінгенмен, қыстың ызғары мен жаздағы аптап ыстыққа төтеп береді дейді ақсақал.

«Қыста жылы. Термос қой бұл кәдімгі. Төзімділігі - мықты. Бұның сыртынан жөндеудің де керегі жоқ. Бояуға болады, әрине. Алайда өте төзімді. Төбесі негізі плитаны да көтереді. Өйткені бөтелке мықты. Біреу арнайы бұзбаса,бұл үй оңайлықпен тозбайды», - дейді  Зәріп шебер.

Айта кетейік, зейнеткер шебер алдымен бос шөлмектерден шағын монша салған. Ерекше құрылыс материалының беріктігіне алдымен осылай көз жеткізген екен.

Қазір Зәріп шебердің бұл тәсілі ауылдастарының сұранысына ие.

Новости партнеров