|
09.08.2019 | 10:41
9891

Қазақстандықтардың Құрбан айтта неліктен демалмайтыны белгілі болды

В этом году он приходится на воскресенье 11 августа

Қазақстандықтардың Құрбан айтта неліктен демалмайтыны белгілі болды Zakon.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері 11 тамыз Құрбан айт мерекесінің неліктен басқа күнге ауыстырылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз хатшысы Қанат Құлшмановқа сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заң бойынша, қазақстандықтар мереке күндері демалуы тиіс. Ал мереке демалыс күніне түсіп қалса, ол күн келесі күнге ауыстырылады.

«Еңбек кодексінің 84-бабы бойынша («Демалыс күндері»), Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып саналады. Алайда Құрбан айт ұлттық және мемлекеттiк мерекелердің тізіміне кірмейді, сондықтан жоғарыда көрсетілген нормалардың оған қатысы жоқ. Яғни Құрбан айт демалыс күніне - жексенбіге түссе, мереке келесі күнге ауыстырылмайды», - деді Қанат Құлшманов.

Айта кетейік, биыл Құрбан айт 11 тамызға түсіп тұр. Астрономиялық тұрғыдан Айдың тууы бейсенбі күніне, яғни 1 тамызға сәйкес келеді. Ал, 2 тамыз Зулхиджа айының бірінші күні болып саналады. Ал арапа күні 10 тамызға сәйкес келеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир