Қауіпті шоколад: Шымкентте 48 мыңнан астам контрафактілік өнім жойылды

Unsplash
Unsplash

Әділет министрлігі контрафактілік өнімдердің құрамында зиянды заттар болуы мүмкін екенін ескертеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әділет органдары сот шешімін орындау мақсатында Шымкент қалалық Әділет департаменті тәркіленген 48 мыңнан астам контрафактілік өнімді жойды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шымкентте жалған өнімді тәттілер көтерме сауда арқылы сатылып, Nestle S.A. компаниясы өкілдерінің сұрауымен тексеру жасалған болатын.

Жоғарыда аталған контрафактілік өнімдер қолданыстағы табиғатты қорғау заңнамасының барлық нормаларын сақтай отырып, тапсырыс бойынша жойылды.

Әділет министрлігі контрафактілік өнімдердің құрамында токсиндер, аллергендер, канцерогендер, пестицидтер, ауыр металдар, гормондар, антибиотиктер және т.б. сияқты зиянды немесе тыйым салынған заттар жиі болатынын еске салады.

Аталған сипаттамалар, сапа мен қауіпсіздікке сәйкес келмейтін өнімдерді тұтыну немесе пайдалану, улануға, аллергиялық реакцияларға, ағзаның бұзылуына, аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін екендігін ескертеміз.

Оқи отырыңыз: Тыйым салынған тағамдар мектеп асханасынан табылды

Новости партнеров