Алматылықтарға коммуналдық қызмет ақысын жыл соңына дейін төлеуге мүмкіндік берілді

Тимур Шарипкулов
Тимур Шарипкулов
Карантин кезінде қарызданып қалған тұрғындар коммуналдық қызметтерден ажыратылмайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Төтенше жағдай салдарынан коммуналдық қызмет ақысын төлей алмай отырған Алматы тұрғындарына борыштарын жыл соңына дейін өтеуге мүмкіндік берілді. Бұл – коронавирус індетіне байланысты жарияланған карантинге орай коммуналдық қызметтер ақысын уақытында төлей алмайтын қала тұрғындарына берілген мүмкіндік, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Карантин жарияланған уақыттан бастап қиын жағдайға тап болған тұтынушы бүгінгі күннен бастап телефон немесе электрондық сайттар арқылы қызмет көрсетушінің есеп айырысу бөліміне хабарласып, жылдың наурыз және сәуір айлары үшін төлемдер мерзімін ұзарта алады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі жеке тұлғаларға тек сумен жабдықтау және кәріз жүйесі үшін («Алматы Су» МКК), жылыту және ыстық сумен жабдықтау («Алматы жылу желілері» ЖШС), электр энергиясы («Алматыэнергосбыт» ЖШС), газбен жабдықтау («ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы), телефон байланысы («Алматытелеком» АТД) қызметтері бойынша беріледі.

Айта кетейік, карантин кезінде коммуналдық қызметтерге қарызы бар тұрғындар электр жарығынан, судан, жылу мен газдан және телефон байланысынан ажыратылмайды.

Сондай-ақ, жеке тұлғаларға коммуналдық қызмет ақысын уақытылы төлемегені үшін айыппұлдар салынбайды.

Төлемдерді кейінге қалдыруды рәсімдеу үшін кәсіпорындардың call-орталықтарына хабарласуға болады:

«АлТС»: +7 (727) 341-07-77, info@alts.kz

- +7 (701) 098-45-05, ortalyc@alts.kz – «Орталық» КҚКО (Алмалы және Бостандық аудандарының тұрғындары үшін);

- +7 (708) 249-87-79, batys@alts.kz – «Батыс» КҚ (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарының тұрғындары үшін);

- +7 (777) 969-84-46, shygis@alts.kz – «Шығыс» КҚ (Жетісу, Медеу және Түркісіб аудандарының тұрғындары үшін);

«Алматы Су»: +7 (727) 3-777-444, almatysu.kz және as-portal.kz;

«АлматыЭнергоСбыт»: +7(727) 356-99-99, 399-99-00, esalmaty.kz

«ҚазТрансГаз»: +7 (727) 244-55-33, ktga.kz;

«Алматытелеком»: 160, +7 708 000-01-60, telecom.kz;

Тәртіп АҚ: 7 (727) 344-19-19, +7 (727) 393-08-05, +7 (727) 393-08-03, tartyp.kz;

«Алматы лифт»: +7(727) 390-28-19.


Новости партнеров