Мәжіліс жастардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз ету туралы құжатты қарайды

05.01.2022 15:42
Фото: ашық дереккөзден

Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Аталған заң жобасы мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қоғамдық қатынастарды тиімді реттеуге бағытталған. Заң жобасының ережелері жастардың әлеуметтік – экономикалық құқықтарын қамтамасыз ету, білім беру, жұмысқа орналасу, медициналық қызмет көрсету, цифрлық сауаттылықты арттыру және жастар арасында волонтерлік қызметті дамыту механизмдерін реттейді», – деді депутат Жәмилә Нұрманбетова Мәжілістің жалпы отырысында. 

Осы орайда ол Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті құжат бойынша қорытындыны 2022 жылғы 28 желтоқсанына дейін әзірлеуге дайын екенін айтты.