Қайтыс болғандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетілетін болады
Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өз міндетін орындау барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Блокпоста міндеттерін атқарған және ЖКО салдарынан қаза болған полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың отбасылары мен жақындарына қатты қайғырып көңіл айтамын", – деп жазды Twitter-де Бақытжан Сағынтаев.
Қайтыс болғандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.
Бүгін таңғы сағат 05.00-ден өте мас күйінде «БМВ» автокөлігін тізгіндеген жүргізуші блок-бекетті бұзып өтпекші болған. Көлік бетон қоршауға, кейін патрульдік көлікке соқтығысқан. Салдарынан қызметтік көлікте отырған 42 жастағы полиция аға лейтенанты Жарас Жанғазиев оқиғаға орнында көз жұмса, оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауруханада жан тапсырды. Одан өзге, тағы бір полиция қызметкері ауыр жарақат алып, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.
«Аталмыш дерек Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 4-тармағы бойынша сот алды рестіріне енгізіліп, анықтау және тергеу амалдары басталып кетті. Қазіргі таңда кінәлі жүргізуші қамауға алынды. Ол міндетті түрде істеген қылмысы үшін заң алдында жауап беретін болады», – деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.