Атырауда қаланы ластаған мыңдаған адам жауапқа тартылды

08.01.2020 15:43

Кәрізден шығатын қалдықтарды ағызып жіберген қала тұрғындарына 1072 хаттама толтырылған

https://elitar.kz/

2019 жылы полиция қоршаған ортаны ластаушылармен ерекше белсенді жұмыс жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Гүлназира Мұхтарованың хабарлауынша, 2019 жылы рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағаны және кәрізден шығатын қалдықтарды ағызып жібергені үшін қала тұрғындарына 1072 хаттама толтырылған. Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, осындай әрекетті тұрғындар үш рет қайталайтын болса, олар 15 тәулікке қамауға алынады.