Үш айлық баласын 400 долларға сатпақ болған әйел ұсталды

08.01.2020 15:58

Өзбекстан заңы бойынша, мұндай қылмысқа 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған

3 қаңтарда Ташкент облысының Ахангаран қаласында үш айлық сәбиін 400 долларға сатпақ болған әйел ұсталды. Бұл жөнінде елдің ІІМ терроризм және экстремизмге қарсы күрес басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Сәби Ахангаран қалалық балалар ауруханасына берілген.

Белгілі болғандай, ұсталған әйел уақытша жұмыссыз. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Өзбекстан заңы бойынша, мұндай қылмысқа 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған.