2020 жылы зағип балаларға арналған балабақша ашылмақ

21.10.2019 15:45

90 орындық мекеме Сарыарқа ауданында орналасқан

inform.kz

Кешкілік аралау кезінде елорда әкімі Алтай Көлгінов көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақшаның құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.

90 орындық мекеме Сарыарқа ауданында орналасқан (Тұран даңғылы мен Күмісбеков көшесі). Балабақша көру қабілеті бұзылған, сондай-ақ көру қабілетін жоғалтқан балаларға арналған. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Бұдан басқа, елордада көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 2 балабақша жұмыс істейді, жаңа ғимарат ерекше қажеттіліктері бар балаларды қамтуға бағытталған.