Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев өмірден озды

Сурет: wikipedia
Сурет: wikipedia
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, танымал актер Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев 59 жасында өмірден мезгілсіз озды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.  тілшісі актер жайлы фейзбук  парақшасына жүктеген ақын, танымал өнер иесі Аршын Нұрбақытқа сілтеме жасап. Қаралы хабармен Наймантаевтың достары әлеуметтік желіде бөлісті. 

Бұған дейін бес күн бұрын актер желідегі жеке парақшасында "Отырған сол" деп жазып, аурухана төсегіндегі суретін жариялаған болатын. Денсаулығы нашарлаған өнер адамы жазбасы астына отандастарымыз тез сауығып кетуін тілеп, пікір қалдырып жатты.

Актер 1965 жылы 17 маусымда, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Нарынқол селосында дүниеге келген.Актер «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал. Республикамыздың эстрада өнерінің тарихында Асқар Наймантаев ашқан «Терісқақпай», «Аққу-Гәкку» комедиялық театрларының орны ерекше.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырларын дәріптеуші ретінде де едәуір еңбек етіп, «Бүгін менің туған күнім» атты концерттік жобасы Республикалық телеарналар арқылы бірнеше жыл қатарынан өткен дәстүрлі халық сүйген жобаға айналды. «Мұқағали атындағы сыйлықтың» құрылтайшысы болып, Мұқағали мұрасын дәріптеуге еңбек еткен жазушы, ақын, әнші, композиторларды марапаттады.

2008 жылдың 8 желтоқсан күнгі жарлығы бойынша «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Оқи отырыңыз: Ел бірлігі: Алматыда жомарт жандар марапатталды

Новости партнеров