Берік Асылов: Қаңтар оқиғасы кезінде бүлікшілердің билікті басып алу мақсаты болды

14.03.2022 15:46
Depositphotos.com

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Қаңтар оқиғасы кезінде бүлікшілердің билікті басып алу мақсаты болғаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Акциялардың түпкі мақсаты билікті зорлық-зомбылық арқылы басып алу болды. Заң бойынша мұндай іс-қимылдар терроризм актісі ретінде бағаланады. Көшеде зорлық-зомбылықты тоқтату мен азаматтардың өмірін қорғау үшін құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері қару пайдалануға мәжбүр болды», – деді Берік Асылов.