Жақындарының айтуынша, істі сараптамасыз жабуға тырыспақ
Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Еламан Жолдасовтың денесі 13-желтоқсанда Каирдегі үйінің кіреберісінен табылған. Оның қазасы туралы ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі де растап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазіргі уақытта Мысыр елінің прокуратурасы қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Тергеуге қатысу үшін министрлік өкілдері Египетке аттанған. Атап өту керек, Еламан Жолдасов Қазақстан елшілігінде мәдени мәселелер жөніндегі маман болып жұмыс істеген. Оның артында екі баласы мен аяғы ауыр жұбайы қалды.