ШҚО-да анасы ұлын жәрдемақы үшін пайдаланып, кейін балалар үйіне өткізген

ШҚО-да анасы ұлын жәрдемақы үшін пайдаланып, кейін балалар үйіне өткізген
Онымен тіл табыса алмайтынын, өзге балалары да сөйлесе алмайтынын айтқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өскемен тұрғыны балалар үйіне өткізген баласын қайтарып алып, атаулы көмекті алған соң баласынан қайта бас тартқан.

Карима Нұрзада (есімі өзгертілді) ата-анасыз өскен. 18 жасқа толғанда әлеуметтік қорғау органы оған бөлме алып береді. Бойжеткен құрылыс бригадасына жұмысқа орналасады. Кейіннен ішімдікке салына бастаған, деп хабарлайды Yk-news.kz.

Карима бірінші баласын некесіз туып, әжесіне берген. Тапқан табысын ішімдікке жұмсағандықтан, әжесі немересін өзі бақты. Карима тағы бір жігітпен кездесіп, тағы 3 бала туды. Бұрынғысы аздай, енді екеуі қосылып ішетін болды. Отбасы сол бұрынғы бөлмеде тұрды.

Ұлы Кәрім мектепке баратын кезде бәрі анық болды. Ата-ана құқығына 6 айға шектеу қойылады. Анасы оған келмейтін болған. Әжесі жасына байланысты баланы қарауына алуға құжат рәсімдей алмайды. Сондықтан Кәрімді уақытша балалар үйіне алдырады.

Бірнеше ай бұрын Карима ата-ана құқығын шектеуді алып тастауды сұрап, сотқа арызданады. Ол ұлын отбасына қайтарғысы келетінін айтады. Сот шешімімен бала анасына беріледі. Алайда көп ұзамай, әйел ұлынан қайта бас тартады. Онымен тіл табыса алмайтынын, өзге балаларының да онымен сөйлесе алмайтынын айтады. Ешқандай мәмілеге келмейді.

Кейіннен оның ұлын қайтарған соң атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жазғаны анықталды. Жәрдемақы алған соң баласын қайта балалар үйіне берген.

Новости партнеров