АҚШ елшісі Жаңа жыл мерекесіне орай қазақ тілінде құттықтау жолдады
inform.kz
Қазақстанда алғаш рет Жаңа жылды сіздермен бірге қарсы алып жатқаныма қуаныштымын – Дэниел Розенблюм
Жаңалықтармен бөлісіңіз
АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм Жаңа жыл мерекесіне орай қазақ тілінде видеоқұттықтау жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Құрметті достар, Қазақстанда алғаш рет Жаңа жылды сіздермен бірге қарсы алып жатқаныма қуаныштымын. Бұл жыл барлығымыз үшін оңай болған жоқ. Бірақ келер жылға сеніміміз зор. Келер жыл ойыңыздағыдай қуанышты сәттерге толы болсын», – деп қазақ тілінде құттықтау сөзін жеткізді Елші.
АҚШ өкілдігінің атынан баршаңызға Жаңа жылда денсаулық, молшылық, бейбіт өмір тілеймін.
Дэниел Н. Розенблюм АҚШ Сенатының шешімімен Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне биылғы тамыз айында бекітілген болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
14.11.2026 11:34
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36