2008 және 2006 жылы туған екі қыз ата-анасымен демалып жүрген
Қостанай облысында өзенге батып кеткен екінші қыз өлі табылды , деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға Варваринка ауылындағы Аят өзенінің маңында болған. 2008 және 2006 жылы туған екі қыз ата-анасымен демалып жүрген.
20 маусымда құтқарушылар бір қыздың денесін алып шыққан. Екінші қызды іздеу жұмыстары жүрген болатын.
Бүгін екінші қыз өлі табылды.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында ер адам итті өртеп жіберген