Эпидемиялық жағдайдың жақсаруына байланысты, біртіндеп халықаралық әуе қатынасы ашыла бастайды
Маусым айының соңына қарай Түркияға рейстер ашылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«1 мамырдан бері Нұр-Сұлтаннан мен Алматыдан елдің 20 қаласына ұшатын ішкі рейстер біртіндеп қалпына келтірілгенін еске салды. Қазір 44 ішкі бағытпен күніне 49 рейс орындалып жатқанын айтты. 188 мың әуе билеті сатылған екен. Халықаралық рейстерді ашу жоспарлануда. Маусым айының соңына таман Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерін қайта қосуды жоспарлап отырмыз. Одан кейін эпидемиялық жағдай түзеле бастаса, басқа да халықаралық бағыттар ашыла бастайды», – деді ол Үкімет отырысында.
1 маусымнан бастап жолаушылар пойызы жүре бастады. Теміржолға билеттер сату 15 мамырдан бастап ашылып, қазірге дейін 645 мың жол жүру билеті сатылған.