Түркістан тұрғыны қолдан кір жуатын ұнтақ дайындап сатқан

09.11.2021 в 15:48

Оған 5,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды

Қаржылық мониторинг агенттігі Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері контрафактілік кір жуу ұнтақтарын дайындайтын астыртын цех қызметінің жолын кесті, деп  хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан қаласының тұрғыны Р. Абдуллаев «Иштихат» тұрғын алабы, Доспанбет жырау көшесі н/ж мекенжайы бойынша цех ұйымдастырғаны, онда заңсыз жолмен Ariel, Тide, «Миф», Persil маркалы 2, 3, 6 кг көлемдегі ұнтақтар дайындағаны анықталып отыр.

«Ұнтақтарды буып-түюге және өлшеп-орауға арналған 7 жабдық, 500-ден астам ұнтақ қаптамасы, 20 кг-дық 100-ден астам ұнтақ, белгілі маркалардың атаулары бар полиэтилен пакеттер тәркіленіп алынды», – деп баяндайды құзырлы мекеме өкілдері.

Мамандар құқық иесі The Procter&Gamble Company компаниясына зор залал келтірілгенін айтады.

Р. Абдуллаевқа 5,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.