Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Ақтауда Mercedes жүргізушісі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 8 қарашаға қараған түні 21.50 шамасында болған. Осы уақытта 102-ге 17-ші және 18-ші шағын аудандар арасындағы жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау түскен.
«Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Toyota Corolla автокөлігіне жол бермей, соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам оқиға орнында қайтыс болды. Зардап шеккен бір адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді»,- деп хабарлады ведомстводан.
Қазір анықтаушылар оқиға орнында жұмыс істеуде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.