Министр сөйлеп тұрған кезде залда футбол көріп отырған шенеунік видеоға түсіп қалды

12.12.2019 15:49

Дәл осы уақытта елдің халықаралық спорт байланысын дамыту стратегиясы талқыланып жатқан. Алайда шенеунік футбол матчын тамашалауды жөн санапты

Татарстанның спорт министрі Владимир Леонов министрліктің алқа отырысы өтіп жатқанда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің матчын тамашалап отырған. Германиялық "Лейпциг" пен француздық "Лион" кездесу өткізді, деп хабарлайды "Лайф".

Басылымның ақпаратына сәйкес, Ресейдің спорт министрі Павел Колобков сөйлеп тұрған кезде Татарстанның спорт министрі футбол көріп отырған. Дәл осы уақытта елдің халықаралық спорт байланысын дамыту стратегиясы талқыланыпты.

Айта кетсек, Францияда өткен футбол клубтарының кездесуі 2:2 есебімен аяқталған.

Sputnik.