Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған әйелдер зейнет демалысына ерте шыға ма

mail.kz
mail.kz
Тамара Дүйсенова Мәжілістің бір топ депутатының сауалына жауап берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжіліс сайтында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Мәжілістің бір топ депутатының сауалына берген жауабы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Депутаттар мүгедек баланы тәрбиелеп отырған әйелдерді 50 жаста зейнет демалысына шығаруды ұсынған болатын.

Министр Тамара Дүйсенова бұл санатқа жататын әйелдерде зейнеткерлікке ерте шығарған жағдайда, олардың қажетті зейнетақы қаражатын жинап үлгермейтінін алға тартып отыр.

Ведомство басшысының түсіндіруінше, 2023-2028 жылға дейін әйелдер үшін зейнеткерлікке шығу жасы 61 жасты құрайды. Ал зейнетақы төлемдері келесі бөліктерден құралады:  

ең төменгі деңгейде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-ын құрайтын мемлекеттік базалық зейнетақы;

1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 6 ай еңбек өтілі бар адамдарға республикалық бюджеттен төленетін ынтымақты зейнетақы;

жинақтаушы зейнетақы, онда қоланыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы қызметкерлердің 10%-ы міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылады.

Новости партнеров