|
21.01.2019 | 10:49
24902

Алматылықтарды жаңа кәсіптерге тегін оқытады (ФОТО)

Алматылықтарды жаңа кәсіптерге тегін оқытады (ФОТО)

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, сонымен бірге 16 мен 29 жас аралығындағы жастар 2019 жылғы ақпан айынан бастап қысқа мерзімді курстарда оқуды бастайды. Алдын ала мәлімет бойынша, 2 мыңнан астам алматылық қаланың ірі компаниялары мен университеттерінде негізделген, әйгілі оқу орталықтарында тегін оқытылады.

«Осы жылы біз оқу орталықтары мен мамандықтар таңдауда толықтай жаңа тәсілдер қолданатын боламыз. Біз нарықтағы ең үздік жеткізушілермен жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде оқу орталықтары таңдау сатысынан өтіп жатыр. Айта кету керек, олар тәлімгерлікпен бірге қос тарапты оқуды пайдаланып, заманауи материалдық-техникалық базасын қалыптастырып, оқушылар мен т.б. жұмысқа орналастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуі қажет», - дейді Алматы қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Дәуірбек Абуов.

Жұмыспен қамту орталығы 30-дан астам оқу орталығымен жұмыс істейтін болады. Олардың жартысы – жекеменшік, қалған жартысы мемлекеттік болады деп болжанып отыр.  

«Біз өңірлердің ерекшеліктерін ескеріп, ең қажетті мамандықтарды таңдай отырып, олардың тізімін арттырдық. Егер өткен жылы тізімде 32 кәсіптің түрі болса, биыл 48-ге көбейіп отыр. Ең қажетті мамандықтардың үштігіне кіретіндер – автобус жүргізушісі, бухгалтер және аспазшы. Толық жаңа бағыттардың бестігіне веб-дизайнер, туризм жөніндегі менеджер, бармен, бариста мен гүл өсіруші жатады. Оқыту мамандықтар мен оқу орталықтарына байланысты 1 айдан 6 айға дейін өтеді. Бұл ретте, Бағдарламаның қатысушылары 16,7 мың теңге көлемінде шәкіртақы алады.  Бұдан басқа, курсты аяқтағаннан кейін, әрбір оқу орталығы өз студенттерін жұмысқа орналастыруға міндеттеледі», - деп сөзін жалғастырды Абуов.

Ең қажетті мамандықтарға кеңейтілген квота бар. Мысалы, автобус жүргізушісіне – 300 орын, ал тас қалаушыға – 40 орын бар.

«Біз «BI-Group» құрылыс компаниясына жұмысшылар дайындайтын, BI University корпоративтік университетімен серіктестік жасауды жоспарлап отырмыз. Серіктес Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы үшін қысқа мерзімді курстар аясында бетоншы, тас қалаушы мен қалыпшы дайындайтын болады. Сонымен бірге, біз «Knauf-Гипс Қапшағай» ресурстық орталығымен жұмыс істейтін, Алматы құрылыс-техникалық колледжімен бірге жұмыс істеуге ниеттіміз. Knauf-Гипс Қапшағай – бұл әлемдегі ең ірі құрылыс материалдарын өндіруші халықаралық компания. Олар бізге сырлаушылар мен сылақшыларды дайындайды. Жалпы алғанда, біз өндірісте мамандардың жоғары деңгейін алуға және жұмыс берушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға ниеттіміз», - деп қорытындылады Д.Абуов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир