Алматы қаласы Түрксіб ауданының полиция қызметкерлері "жер телімін алып беремін" деп, елден қомақты ақша жинап алған әйелді ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.
«2014 жылы азамат Б. Н. деген азаматты бірнеше ай бойына жағалап, ақыры Түрксіб ауданындағы вокзал маңындағы кафелердің бірінде шетелдік валютада ірі сомадағы ақшасын иемденеді. Ол зардап шегушіге Қаскелеңнің әкімдігінде жұмыс істейтін дос қызы барын, ол белгілі бір сомаға Қаскелеңнен жақсы жер телімін алып бере алатынын айтқан. Ауызша мәміледен соң жәбірленуші тарап күдікті Б.-ға бірнеше ай ішінде 12 800 долларды бөліп-бөліп береді. Бірақ оның қолына сол күйін жер телімінің құжаты тимейді. Тергеу іс-шаралары кезінде Б. қылмыстық қудалаудан жасырынып, қашып жүрді. Қазіргі уақытта Алматы қаласында оның осындай алаяқтық үш оқиғаға қатысы бары белгілі болды. Ал Алматы облысының аумағында 9 адамды да осылай алдаған», - делінеді Алматы қалалық ПД мәлімдемесінде.
Күдікті Алматы қаласының уақытша қамау изольяторына тоғытылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр.
Күдіктінің заңсыз әрекеттерінен тағы зардап шеккен адамдар болса, Түріксіб аудандық полиция бөлімінің мына нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз: 298-54-01, 298-54-02, 87012334790, 87780008617.